Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің мәліметінше, Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары сомасында ақша қаражатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
«2022 жылдың 8 шілдесінде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды. 9 шілдеде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген агенттік хабарламасында.