Қарағанды облысында газ жарылып, бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Газдың жарылуына өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы әсер еткен

Фото: баспасөз қызметінен

Қарағанды облысы Сәтпаев қаласындағы мейрамханалардың бірінде газ жарылып, бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«3 ақпан күні сағат 15:50-де Сәтпаев қаласындағы «Әлия» мейрамханасының ас әзірлейтін жерінде газ жарылып, арты өртке ұласты. 52 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. 1989 жылғы тағы бір әйелдің денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді», - дейді ТЖК баспасөз қызметіндегілер.

Олардың хабарлауынша, өрт 10 шаршы метрді шарпыған. Алдын ала болжам бойынша, газдың жарылуына өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы әсер еткен.