Студент жолды қысқарту үшін теміржолды кесіп өтпек болған
Атырауда 6 шілде «Ақжайық-Теңдік» теміржол өткелінде тепловоз 17 жасар бозбаланы қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Машинист теміржол бойында келе жатқан адамды байқап, тежегішті басқанымен, тепловозды тоқтатуға үлгермеген.
«ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан темір жол көлігі қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды», - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.