Алматы облысында алкоголь өнімдерін заңсыз шығарған жасырын цех анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауыл тұрғыны жеке үй аумағында антисанитариялық жағдайда қолдан алкоголь өнімдерін дайындаған

Фото: avesta-news.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолдан жасалған есепке алу-бақылау таңбалары бар суррогат алкоголь өнімін өндірген жасырын цехты жойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны жеке үй аумағындағы үй-жайда антисанитариялық жағдайда қолдан алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған.

«Оқиға болған жерді тексеру барысында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылып тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген агенттіктік баспасөз хабарламасында.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.