$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.07.2022, 09:14
Оқиғалар

Қостанайда балабақша тәрбиешісі сәбиді жұлқылап, бұғанасын шығарып жіберген

Балабақша басшылығы бұл оқиғаға айрықша мән беріп жатпаған, ал полиция ешқандай қылмыстық құрам жоқ деген

Қостанайда балабақша тәрбиешісі сәбиді жұлқылап, бұғанасын шығарып жіберген
Видеодан кадр

Қостанай қаласындағы №61 балабақша-бөбекжайында тәрбиеші орындықта отырған баланы жұлқып қалғанда, бала орындықтан құлап, соның салдарынан бұғанасы шығып кеткен, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Казинформ» агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті ақпарат құралдарының бірінде жарияланғандай, балабақша тәрбиешісі орындықта отырған баланы күшпен жұлқи тартып қалғаны туралы видео жарияланды. Бала құлап, қатты жылай бастайды, ал тәрбиеші оны тыныштандыруға тырысады.

Айта кетерлігі, балабақша басшылығы бұл оқиғаға айрықша мән беріп жатпаған, ал полиция тіпті, ешқандай қылмыстық құрам жоқ деген.

Кейіннен белгілі болғандай, облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі қазіргі таңда «№61 балабақша» КМК қызметкерінің тәртіптік жауапқа тартылғанын мәлімдеген.

«Мұғалімге 2022 жылғы 29 маусымдағы бұйрық бойынша сөгіс жарияланды. Сонымен қатар, осы жылдың 5 шілдесінде №61 бөбекжайдан жұмыстан шығарылды. Ал аталған балабақшаның меңгерушісі ескерту түріндегі тәртіптік жауапқа тартылды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Осы ретте оқыс оқиғаға байланысты білім бөлімі Қостанай қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жиын, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлерімен брифинг өткізді.

Серіктес жаңалықтары