Ақтауда суға батып кеткен 29 жастағы ер адамның денесі табылды
Құтқарушылар марқұмның денесін тек 11 сағаттан кейін алып шықты
Ақтауда суға батып кеткен 29 жастағы ер адамның денесі табылды. Марқұм Бейнеу ауданынан қалаға қонаққа қыдырып келген екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 5 шілдеде Ақтаудағы «Самал 2» шағынауданында болған 1993 жылғы азамат теңіз жағалауында шомылып жүріп, суға батып кеткен.
Құтқарушылар марқұмның денесін тек 11 сағаттан кейін алып шықты. Осылайша Ақтаудағы жағажайларда шомылу маусымы басталғалы бері жетінші адам бақилық болды.
Суға кеткендердің көбі жастар. Сондықтан құтқарушылар тыйым салынған аймақта шомылуға болмайтынын және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
«Батқан адам 1993 жылы туылған. Бейнеу ауданының тұрғыны екені анықталды. Іздестіру жұмыстарына ТЖД-нен 20 қызметкер, 3 водолаз және 5 техника және 1 қайық жұмылдырылған болатын. Дене 6 шілде күні сағат 08:30-да табылып, полиция басқармасына берілді. Ақтау қаласының тұрғындарымен және қонақтарына суға шомылу кезінде ережелерді сақтауын сұраймыз», - деді Ақтау қалалық ТЖБ бастығы Жандос Кенжебаев.