Семейде көпқабатты үйден өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Эвакуацияланғандардың арасында алты бала бар

Семейде өрт салдарынан 15 адам эвакуацияланды, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт түстен кейін Гете көшесіндегі тоғыз қабатты үйде болды. Үшінші қабаттағы пәтердің балконының ағаш бөліктері, терезе блогы, жиһаздары мен жеке заттары өртенді.

Құтқарушылар көпқабатты үйдің 15 тұрғынын эвакуациялады, олардың алтауы – балалар.

Өрттің жалпы аумағы алты шаршы метрді құрады. Өрттің алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану.