Қарағандыда қатты жел ірі өртті өшіруге мүмкіндік бермей тұр – ТЖД
ТЖД өкілдері аймақ тұрғындары мен қонақтарын отпен аса мұқият болуға шақырады
Қарағандыда өрт сөндірушілерге тұтанған ірі өртті өртті сөндіру қиынға соғып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 шілдеде сағат 12:02 Қарағанды қаласындағы Осевая көшесі маңында, «Қарағанды шаруашылығы бойынша орман және жануарлар дүниесін қорғау" КММ аумағында шөп пен ағаштар тұтанған.
«Өртті жоюға ТЖД мен орман шаруашылығының күштерінен 66 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды. Алайда қатты жел салдарынан өртті сөндіру қиынға соғып жатыр», - делінген ТЖД хабарламасында.
Айта кетсек, екі күн бұрын, 2 шілде де осы ораман алқабында өрт тіркелген болатын. Жалпы өрттің 3 га құрады. Өрттің шығу себебі оттың ашық көзі болды (сіріңке, темекі және т. б.).
Қарағанды облысының ТЖД аймақ тұрғындары мен қонақтарын отпен аса мұқият болуға шақырады.
«Сөндірілмеген сіріңке, темекі, шыны сынықтарын және т.б. лақтырмаңыздар. Алауды тек жабдықталған орындарда ғана жағуға болады. Сондай-ақ отты сөндірмей қалдыруға болмайды. Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз», - делінген хабарламада.