$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.07.2022, 16:16
Оқиғалар

Павлодар облысында жеке үй аумағынан екі адамның пышақталған мәйіті табылды

Марқұмдардың кәмелетке толмаған баласы қылмыс кезінде тығылып, аман қалған

Павлодар облысында жеке үй аумағынан екі адамның пышақталған мәйіті табылды
Фото: gov.kz

Павлодар облысында жеке үй аумағынан зорлық-зомбылық белгілері бар екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қайғылы оқиға 3 шілдеде сағат 02.10-да Тереңкөл ауданының Береговое ауылында Мир көшесінде болған.

«Жеке үйдің ауласынан 46 жастағы үй иесі мен онымен бірге тұратын 48 жастағы ер адамының пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды. Марқұмның кәмелетке толмаған баласы зардап шеккен жоқ, өйткені ол үйдегі бөлмелердің бірінде тығылып қалған», - делінген ПД хабарламасында.

Аталған қылмысқа күдікті ретінде 22 жастағы ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Оқиға орнында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі, екі және одан да көп адамды өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталады.

«Аталған қылмысты тергеумен Павлодар облысы ПД Тергеу басқармасы айналысады. Іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды», - деп хабарлады ПД өкілдері.

Серіктес жаңалықтары