Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу іс-шараларына қатысты ақпарат берді
Қаржылық мониторинг агенттігі «AsiaCredit Bank» қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу амалдарының жайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «AsiaCredit Bank» АҚ-ның мүлкін ұрлау дерегіне қатысты ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазір департамент ҚР ҚПК 24-бабының талаптарын орындауға бағытталған тергеу іс-шараларын жүргізуде», - деді агенттіктің баспасөз қызметі.
Агенттік өкілдері ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтердің жария етілмейтінін айтты.