$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.07.2022, 09:12
Оқиғалар

«Балалар шошып оянады»: Алматыда мола маңында тұратын тұрғындар бас көтерді

Қазір олар Алматы әкімдігі мен прокуратуға жіберетін арыздарын дайындап жатыр

Алматыда моланың маңында тұратын халық бас көтерді. Олар үй іргесіндегі бейітке биік қоршау орнатып беруін сұрайды. Өйткені күн сайын жерлеу рәсімін көрген балаларымыз түнде шошып оянатын болды дейді. Жазда жасыл желек жауып тұрғанымен, қысқы уақытта мәйітті жер қойнына табыстауға жиналғандардың жылап-сықтағаны анық көрінеді деп ашынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Татьяна Кулькинаның бұл үйде тұрып жатқанына 30 жылға жуықтаған. Ол өзеннің арғы бетіндегі бейіттің осыдан 15 жыл бұрын пайда болғанын айтады. Ал соңғы жылдары көлемі тіптен ұлғая түскен. Енді ауласына қарай жақындап жатқан қорым өзен жағасына жетіп, жағалаумен бірге құламаса екен дейді.

«Өзеннің жағалауы опырылып жатыр. Ал бейіт соған қарай жақындай түсуде. Бұл экологиялық тұрғыдан да дұрыс емес. Барлығы суға қарай құлап кете ме қорқынышпен өмір сүреміз. Демек ол кезде ағынды суда таза болмайды деген сөз. Қарасудан басталып, бір шақырымға дейін созылып жатыр. Жанымызда жаңармай құю бекеті бар. Оның да айналасы қазір қазылуда», - дейді Алматы қаласының тұрғыны Татьяна Кулькина. 

Бұл мәселеге қатысты тұрғындар аудан басшыларына бірнеше рет хат жазған. Бірақ нақты жауап алған бірі де жоқ. 20-дан астам отбасы бейітті бойлай қоршайтын бір қорған орнатып берсе екен деп отыр.

Арнайы жерлеу рәсімі комбинатының қызметкерлері халықтың шошуына еш себеп жоқ дейді. Олар төрт жарым гектар аумақта ешқандай заңбұзушылық болмағанын айтып отыр. Яғни әкімдік бөлген жерге ғана марқұмдарды жерлеуге рұқсат береді екен. Бірақ қоршау салуды құптамай отыр.

«Неге мемлекет бір шақырымға жуық аумаққа ақша жұмсап, оны қоршаумен қоршау керек. Бұл бейіт адамдар мен көліктер жүретін жолда орналасса онда халықтың талап етуіне негіз бар. Жанында өзен бойлай ағып жатыр. Ал ол сулы әрі сайлы жерге апарып біз қалай цемент құйып, темір бетондарды орнатамыз? Ол тап-таза шығын ғой», - дейді Алматы қаласы «Мамандандырылған жерлеу қызметтері комбинаты» ЖШС директорының орынбасары Марат Исмаилов.

Қараша қалайда қорымды қоршатпай қоймаймыз дегенінен таңбайды. Қазір олар Алматы әкімдігі мен прокуратуға жіберетін арыздарын дайындап жатыр.

Серіктес жаңалықтары