$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.06.2022, 10:43
Оқиғалар

Қарағандыда такси жүргізушісі қала сыртына алып кеткен келіншек құтқарылды

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Қарағандыда такси жүргізушісі қала сыртына алып кеткен келіншек құтқарылды
Фото: РИА Новости

Қарағандыда такси жүргізушісі қала сыртына алып кеткен келіншек құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Қарағандылық тұрғын қиын жағдайға тап болған әйелін құтқарып қалған полиция қызметкерлеріне алғыс білдірген. Белгілі болғандай, такси жүргізушісі әйелді Павлодар тасжолынан белгісіз бағытқа алып кеткен.

Ер адамның айтуынша, әйелі такси шақырған соң, көлік келіп алып кеткен. Алайда такси жүргізушісі келіншекті қорқытып, тиісті мекенжайға емес, қала сыртындағы тасжолға қарай алып кеткен. Жас әйел қатты жылдамдықпен келе жатқан көліктен секіруге қорыққанымен, қандай жағдайға душар болғанын хабарлап үлгереді.

Ақпарат патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторлары Айдар Мұсабеков пен Талғат Камалбековтың қолына түсе салысымен, олар дереу көліктің соңынан қуып, тасжолға шығады.

«Қалалық патрульдік қызметте болса да, ойланбастан қала сыртына шығып, такси жүргізушісінің соңынан қуған 110 борттық нөмірлі полиция қызметкерлеріне алғысым зор. Олар келіншегінің ұялы телефонына қоңырау шалып, жүріп бара жатқан көліктің геолокациясын анықтап, барлық кезекші бекетке ақпарат беріп үлгерді», - дейді келіншектің күйеуі.

Қуанышқа орай, бәрі ойдағыдай аяқталған. Көлік тоқтатылып, келіншек құтқарылған. Оның зардап шекпегені анықталды.

Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті аталған деректі растады.

«Бұл оқиға полицияда тіркелді, қазіргі уақытта оның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық ПД өкілдері.

 

Серіктес жаңалықтары