Оралда әйел адам 10-қабаттан секіріп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға өзіне өзі қолжұмсау ретінде тіркелді

Оралда 24 жастағы әйел адам 10-қабаттан секіріп, көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Ruhy «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлердің хабарлауынша ол Құрылысшы шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйдің 10-қабатынан секіріп кеткен. Оқиға 27 маусым күні сағат 20:15-те болған. Сот-медициналық экспертиза жасау үшін марқұмның денесі мәйітханаға жіберілді.

Оқиға өзіне өзі қолжұмсау ретінде тіркелді.