Техас штатында 46 мигранттың мәйіті жатқан жүк көлігі табылды
Техас губернаторы олардың өліміне Байденді айыптады
Техас губернаторы Грегг Эбботт Сан-Антонио қаласында жүк көлігінің артында табылған ондаған мигранттың өліміне АҚШ президенті Джо Байден мен оның әкімшілігінің көші-қон саясатын айыптады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ABC телеарнасы бұған дейін табылған жүк көлігіндегі өлі мигранттар саны 46-ға жеткенін, сондай-ақ зардап шеккен 16 адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Жүк көлігі Техастағы тасжолға апаратын шағын жолда табылды.
«Техас штатында табылған жүк көлігінде кем дегенде 42 мигранттың денесі табылды. Олардың өлімін Байденнің ар-ожданына қалдырамын. Бұл оның адам өліміне әкеп соқпауы мүмкін емес ашық шекара саясатының нәтижесі», - деп жазды губернатор өзінің Twitter парақшасында.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп миграциялық саясат пен шекарадағы бақылауды күшейту үшін бірқатар шаралар қабылдаған болатын. Оның ішінде Мексикамен шекарада қабырға тұрғызу бастамасы да болды. Трамп бұл шара заңсыз иммиграция мен есірткі контрабандасының жолын кесуге көмектеседі деген болатын.