Соңғы дерек бойынша провинцияда 7153 адам вирус жұқтырған
Қытайдағы індет ошағы саналатын Хубэй провинциясында коронавирустан көз жұмғандар саны 249 адамға жетті, ал вирус жұқтырғандар 7153 адам болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Соңғы дерек бойынша Хубэй провинциясында коронавирустың жаңа түрін 7153 адам жұқтырған, олардың 166-сы ауруханадан шығарылды. 249 адам қайтыс болды», – делінген провинцияның Денсаулық сақтау комитетінің хабарламасында.
Провинцияда өткен тәулікте, яғни 31 қаңтар күні 1347 адам инфекция жұқтырған болатын, сондай-ақ 45 адам өлімі тіркеліп, 50 адам ауруханадан шығарылған еді.