$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.06.2022, 09:26
Оқиғалар

Түркістан облысында жас қыз өзгенің атынан несие рәсімдеген

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында жас қыз өзгенің атынан несие рәсімдеген
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында жас қыз өзгенің атынан несие рәсімдеп алған, деп хабарлайды Polisia.kz

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның ауылдас танысы телефонын пайдаланып, банктік қосымшасы арқылы 560 мың теңге, шағын несие беру ұйымынан 79 мың теңге несие рәсімдеген. Әйел адам мұны қарызыңыз көбейіп кетті деп банк қызметкері хабарласқанда ғана білген. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 639 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сезіктінің жергілікті тұрғын екені белгілі болды.

Анықталғандай, күдікті жас қыз мұндай қадамға тұрмыстық қажеттілік үшін барғанын айтты. Ол рәсімдеген несиені өзінің банк шотына аударып алған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары