$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шалқар көлінде жоғалып кеткен баланы құтқарушылар екі тәуліктен бері іздеп жатыр

Құтқарушылар 9 жасар баланы судан да, құрғақтан да іздеп жатыр

 

Шалқар көлінде жоғалып кеткен баланы құтқарушылар екі тәуліктен бері іздеп жатыр
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

БҚО-дағы Шалқар көлінде жоғалып кеткен баланы құтқарушылар екі тәуліктен бері судан да, құрғақтан да іздеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментініңммәліметінше, 2013 жылы туған баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

«Баланы іздеу жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар оны судан да, құрлықтан да іздеп жатыр. Оқиға орнында БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 13 қызметкері екі су көлігімен және екі техникамен жұмыс істеуде. Іздеу қараңғы түскенше жалғасады және таң атқанда қайта жалғасады», - делінген ТЖД хабарламасында.

Тақырыпқа орай: Шалқар көлінде немересімен бірге жоғалып кеткен ер адам табылды

Еске салсақ, 22 маусым күні сағат 16:45-те құтқарушыларға Теректі ауданы Сары өмір ауылында Шалқар көлінде тоғыз жасар баланың ересектердің қарауынсыз үрлемелі матраста қалғаны, оны жел лезде көл ортасына алып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. Баланың артынан оның 66 жастағы атасы жүзіп кеткен, бірақ олар сол күйі жағаға оралмаған. Іздеу кезінде құтқарушылар тікұшақ пайдаланған.

22 маусым күні кешке, сағат 23:00-де БҚО ТЖД баспасөз қызметі ер адамның қарсы жағалаудан табылғанын хабарлады. Ол аман-есен, жағдайы қанағаттанарлық. Оның айтуынша, бала үнемі көз алдында болған, бірақ артынша әп-сәтте жел оны ығыстырып, көл ортасына алып кеткен. Ер адам оның артынан жүзіп жетпек болғанымен, сол күйі жете алмаған.
 

Серіктес жаңалықтары