$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.06.2022, 15:08
Оқиғалар

Ақтөбе облысында ер адам досын ұрып өлтіріп, өзен жағасына апарып тастаған

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақтөбе облысында ер адам досын ұрып өлтіріп, өзен жағасына апарып тастаған
Фото: gazeta19.ru

Ойық өзенінің жағасынан жоғалған жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Темір ауданында 13 маусым күні полиция бөлімдерінің біріне баласының жоғалғаны туралы әйел адам арызданған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленуші мен досының арасында жанжал туындағанын анықтады. Жанжал кезінде 29 жастағы күдікті 25 жастағы досын монтировкамен ұрып, автокөлігіне тиеп, Ойық өзенінің жағасына апарып тастаған», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары