$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.06.2022, 14:04
Оқиғалар

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 36 адам суға кеткен

Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 81 адам қаза болды

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 36 адам суға кеткен

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 36 адам суға кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 81 адам қаза болды Оның ішінде 32-сі кәмелетке толмағандар. Бұл туралы ҚР төтенше жағдай министрлігі мәлімдеді.

Бүгінгі күні елімізде шомылуға рұқсат етілген 497 орын бар. Оның ішінде 142 коммуналдық және 341 жеке жағажайлар бар, олардың саны артып келеді. 14 орын бойынша нақты иеленушілерді бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ТЖ министрлігінің құтқару бөлімшелері тәулік бойы 493 құтқарушы қызмет атқаратын азаматтар пайдаланатын су айдындарының 125 учаскесін бақылайды.

Еліміздің су айдындарында алдын алу жұмыстары аясында жыл басынан бері 50 адам құтқарылды, оның ішінде 10 бала, шомылу маусымы басталғаннан бері 7 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала. ТЖМ қызметкерлері 43 адамды, куәгерлер - 5 адамды және полиция қызметкерлері – 2 адамды құтқарды.

"Бүгінгі күні өкінішке орай, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдардың қаза болу фактілері тіркелді, 81 адам, оның ішінде 32 кәмелетке толмаған адам суға кетті. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері 36 адам суға кетті, оның ішінде 19 бала", - делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары