Қайтыс болғандардың ішінде кішкентай бала да бар
Қостанай облысында бүтін бір отбасы өрттен қаза тапты. Қайтыс болғандардың ішінде кішкентай бала да бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 20 маусымда сағат 01.45-те Жітіқара қаласындағы Комсомольская көшесінің бойындағы үйлердің бірінде болған.
Үйде төрт адамнан тұратын отбасы, оның ішінде екі жасар сәби де болған.
«50 шаршы метр аумақта ағаш дәліз, кіреберіс пен үй төбесінің жабындысы түгел жанып кеткен. Өрт сағат 2:26-да ауыздықталып, 2:54-те сөндірілді. Өрт сөндіру кезінде оқиға орнынан 63 жастағы үй иесі әйелдің 39 және 36 жастағы ұлы мен қызының және 2 жасар немересінің мәйіті табылды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр», - деді ТЖД-дан.
Оқиға орнында тергеушілер мен облыстық ТЖД мамандары жұмыс істеп жатыр.