«The Finiko» қаржы пирамидасы 300-ден астам алматылықты сан соқтырып кетті

Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталып жатыр

«The Finiko» қаржы пирамидасы 300-ден астам алматылықты сан соқтырып кетті
Фото: ашық дереккөзден

«The Finiko» қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rúhy.

"Аталған "The Finiko"  ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында 300-ден астам адам арыз беріп, шығын көлемі 1,8 миллион АҚШ долларын және 630 миллион теңгеден астам соманы құрады", - деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Ал Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, «The finiko» симулятор болып табылады және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп, ақша салады, ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген.

Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.