Адина, Медина, Үсен: Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл Түркістан облысында 2020 жылы өмірге келген алғашқы үшем

Фото: inform.kz

18 жастағы Жанар Анарбаева есімді Сарыағаш ауданының тұрғыны дүниеге үшем әкелді. Бұл туралы ақпаратты Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.

«Былтыр келін атанған Жанар дүниеге үшем әкеліп, жаңа туған сәбилерге Адина, Медина, Үсен деп ат берді. Екеуі қыз бала, бірі ұл. Облыстық №1 перинаталды орталықта дүниеге келген үш ағайынды сәбидің жағдайы жақсы», - делінген хабарламада.

Өткен жылы Түркістан облысында саны 55 мыңнан астам сәби өмірге келген, сондай-ақ бес ана үшем босанған.