Өрттен зардап шеккендер жоқ
Бүгін, 16 маусым күні, сағат 11:48-де Түркістан қаласындағы «Әзірет-Сұлтан» қорық-музейінің қорғау аймағының сыртындағы екіқабатты «Жеті Таңдыр» дәмханасының 2-қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Өрт басталғаннан кейін алты минуттың ішінде ТЖД-ның алғашқы көмегі келді. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, дәмхананың «Керуен сарай» ойын-сауық кешеніне еш қатысы жоқ», - деді Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт әлі толық сөндіріліп бітпеген, әлі түтеп жатыр жатыр дейді.