«Бірден автобусқа апарды»: Ақтауда жас жігіттерді әскерге күштеп әкетіп жатыр

Azattyq Rýhy

Жәния есімді тұрғынның айтуынша, дүкенге нан алу үшін кеткен ұлы әскерден бір-ақ шыққан

«Бірден автобусқа апарды»: Ақтауда жас жігіттерді әскерге күштеп әкетіп жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында тағы бір сарбаздың анасы шағым түсірді деп жазады turkystan.kz.

Яғни, ол баласын әскери комиссариатқа күштеп, заңсыз алып кеткенін және жібермей жатқанын айтып арызданған.

Жәнияның айтуынша, дүкенге нан алу үшін кеткен ұлы әскерден бір-ақ шыққан.

«Түскі сағат 12.00 шамасында қоңырау шалған ұлым өзін әскери комиссариатқа алып кеткенін ғана айтып үлгерді. Оның тек жасын сұрап, 18-ге толғанын естіп, бірден автобусқа апарған. Осылай көшеден күштеп, алып кететіндей елде соғыс жағдайы жоқ қой?! Тіпті, балама қылмыскердей қарайды»,  – дейді ол.

Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерге шақыру бөлімінің бастығы Талғат Сарбасов арнайы босату қағазы жоқ азаматтардың барлығы әскерге алынатынын айтады.

«1 наурыздан 30 маусымға дейін Ақтау қаласында жергілікті полиция, Ұлттық ұланының әскери қызметшілері мен әскери басқару органдары рейдтік іс-шаралар өткізеді. Онда әскерге шақырылғандарды іздестіру және оларға шақыру қағаздарын жеткізу жұмыстары жүргізіледі. Жеке куәлік пен жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша тіркелген мәліметтерді тексереміз. Әскери қызмет өткеруді кейiнге қалдыру немесе босату жағдайлары анықталмаса, азамат жергiлiктi шақыру учаскесiне жеткiзiледi» ,  деді Талғат Сарбасов.

Оның сөзінше, жергілікті әскери басқарма аумағында ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынған.


 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.