Қарағанды облысында белгісіз індеттен 76 бас мал қырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қажетті анализдер алынып, сараптамаға жіберілді

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Шет ауданында белгісіз індеттен 76 бас мал қырылды. Тағы 150-ге жуық ірі қараны мамандар бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ауру симптомдары «қарасан» дертіне ұқсайды, дейді ветеринарлар. Бұл ауру жас малда жиі кездеседі. Қажетті анализдер алынып, сараптамаға жіберілді. Бірер күнде нақты диагноз қойылып, тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ ауру дәлелденген жағдайда вакциналау жұмысын жүргізу мәселесі де қаралып жатыр. Бірақ, облыста вакцина тапшылығы бар. Қазір өңір тек 30 процентке қамтылған, дейді мамандар. 

"4 жасқа дейінгі малдардың өлімі тіркеліп отыр, бүгінгі күні олардың барлығы өртеліп, жағылды. Жәнеде Шет ауданы Ақшоқы елдімекенінің кіреберісіне санитарлық бекет қойылды. Бұл адамдар мен техника кіріп-шыққан кезде дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі",  – дейді Ветеринарлық қадағалау комитетінің облыстық инспекцияның жетекшісі Ержан Бекетбаев.