14.06.2022, 08:51
Оқиғалар
Павлодардағы орталық жағажайда 26 жастағы жігіт суға батып кетті
Шетелден келген қандасымыз облыстағы жоғары оқу орнына түспек болған
Ажал құшқан жігіт Қытайдан оқуға келген қандасымыз болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазіргі уақытта сүңгуірлер Ертіс өзенінде іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметіне оқыс жағдай туралы жігіттің жанында болған достары хабарлаған. Олардың айтуынша, шетелдік азамат облыстағы жоғары оқу орнына түспек болған.
«Адам бату фактісі бойынша арнайы хабар келіп түсті. Іздестіру жұмыстарына 10 адам және екі жүзу құралы жұмылдырылды. Бүгінгі күнге шейін іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда үш шақырымдық жердегі өзен акваториясы тексерілді», - деді қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Тлекжан Галлямов.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды