Ұсталған азамат мемлекетке 12 миллион теңге көлемінде шығын келтірген
Жамбыл облысы ІІД Жергілікті полиция басқармасының Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Мойынқұм аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қызыл кітапқа енген жануар-арқарды өлтірген Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының 51 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұсталған азамат Мойынқұм ауданының тауларында тыйым салынған кәсіппен шұғылданғанын мойындады.
Сот-биологиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес браконьердің аң аулауы мемлекетке 12 миллион теңге көлемінде шығын келтіргендігі мәлім болды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.