Алматының Құлжа тасжолында көлік апатынан үш адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы жол-көлік апаты бүгін, яғни 10 маусымда болған

Фото: zakon.kz

Алматыдағы Құлжа трактінде қайғылы жол апаты болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз хабарласына сәйкес, қайғылы жол-көлік апаты 10 маусымда болған. Белгілі болғандай, батыс бағытта келе жатқан BMW 525 жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан.

«Апат салдарынан екі жүргізуші мен Mercedes Benz көлігінің жолаушысы – 1978 жылы туған әйел жол-көлік оқиғасы орнында көз жұмды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен тіркелді. Сот-медициналық және тергеу сараптамалары тағайындалды», - деді Алматы қалалық ПД Анықтау департаментінің бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Олжас Шәріпов сот-медициналық және тергеу сараптамалары тағайындалғанын айтты.