$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2022, 14:55
Оқиғалар

Алматы облысында автобусқа соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты

Жантүршігерлік жол-көлік апаты 9 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында болған

Алматы облысында автобусқа соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында маршруттық автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысып, соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті атап өткендей, жантүршігерлік жол-көлік апаты 9 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында болған. Жол апатына марқұм, Hyundai Getz көлігінің 34 жастағы жүргізушісі себепкер болған.

«Алматы – Көкпек – Көктал тасжолының 42 шақырымында қатты жылдамдықпен келе жатқан Hyundai Getz көлігі қарсы бағытта келе жатқан Saz Le-60 автобусына соғылып, өатты инерция салдарынан Hyundai Audi A4 көлігіне барып соғылған», - делінген ПД хабарламасында. 

Апат салдарынан Hyundai Getz жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

«Аталған дерек бойынша сараптамаларды тағайындалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары