$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2022, 16:29
Оқиғалар

Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы ұзартылды

Сондай-ақ Гүлмира Сатыбалды да әлі бір ай қамауда отырады

Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы ұзартылды
Фото: nb.kz

Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлын күзетпен ұстау мерзімі тағы үзартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлімдегендей, Қайрат Сатыбалдыұлын қамау мерзімі 1 айға ұзартылан.

«2022 жылғы 8 маусымда күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 1 айға ұзарды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство дәл сол күні күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты да белгіленген қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 1 айға созылғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Гүлмира Сатыбалды да әлі бір ай қамауда отырады.

«7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Гүлмира Сатыбалдыға қатысты белгіленген қамау мерзімін 1 айға ұзартты», - делінген сот хабарламасында.

 
Серіктес жаңалықтары