08.06.2022, 16:54
Оқиғалар
Ақтауда жұмысшы құлаған қабырға астында қалып көз жұмды
Қайғылы оқиға 23-шағынауданда болған
Ақтауда жылу желілерін жөндеу кезінде КЖСА мемлекеттік-коммуналдық мекемесі жөндеушісінің үстіне тас қабырға опырылып түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға 8 маусым күні сағат 11:05-те 23-шағынауданда болған.
"Жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде тас қабырға опырылып түскен. Оқиға орнынан 1978 жылы туған жұмысшы табылды. Ол шұғыл жеткен жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Lada.kz порталының хабарлауынша, ер адам жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмған.
Оқиға орнында 17 құтқарушы мен төрт техника жұмыс істеген.

Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді