Қырыққа жуық машина қар құрсауынан құтқарылды
Қарлы боран болған ауа райының қолайсыздығына және Қарағанды қаласы жолдарының көрінбей қалуына байланысты 28 қаңтар күні сағат таңғы 9-дан 16-ке дейінгі уақыт аралығында 26 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Дегенмен, жол-көлік оқиғаларынан ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Адам шығынының алдын алу және шығынды азайту, сондай-ақ жолдарда төтенше жағдайды болдырмау мақсатында 43 жабу бекеті құрылды, бұл жұмыстарға 130-дан астам полиция қызметкері жұмылдырылды.
Жол қызметтері, полиция басқармалары мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күш жұмылдыруының арқасында 40-қа жуық машина қар құрсауынан құтқарылып, 174 адам эвакуацияланды.
Қарағанды облыстық полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты тұрғындардан қала сыртына жолға шықпауды сұрайды.