Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті «Не работа» атты қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-шараларын бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан топ 2019-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тартылған қаражатты өз бағытына пайдаланбай, жеке тұлғалардан қаржылық пирамидаға активтерді тартуды қамтамасыз еткен", - делінген департамент хабарламасында.
Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.