$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.06.2022, 15:59
Оқиғалар

ШҚО-да жол ережесін 84 рет бұзған көлік жүргізушісі анықталды

Оған салынған айыппұл сомасы 2,4 млн теңгені құрады

ШҚО-да жол ережесін 84 рет бұзған көлік жүргізушісі анықталды
Фото: gov.kz

Өскеменде жол ережесін 84 рет бұзған көлік жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Өскемен қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының жеке құрамы жол қозғалысын қадағалаудың тиімділігін арттыру үшін «Қорғау – қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасын пайдаланылады. Ол арқылы полицейлер Сергек камерасынан видеоны бірден көре алады және нақты уақытта заң бұзған көліктерді: жалған мемлекеттік нөмірлер; техникалық тексеруден өтпеген; сақтандыру полисінсіз пайдаланылатын; іздеуде, оның ішінде айыппұлдарды қасақана төлемеген көліктерді автомобильдерді бақылай алады

«Өскемен қаласы бойынша жол қозғалысы саласында 3400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұдан басқа, төленбеген айыппұлдары бар көлік құралдарын ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен полиция қызметкерлері осы қосымшаның көмегімен Ресей Федерациясының тіркеу есебімен BMW көлігін ұстады, оның жүргізушісі жол ережесін 84 рет бұзған. Айыппұл сомасы 2,4 млн теңгені құрады», – деп түсіндірді Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.

 
 

Серіктес жаңалықтары