Қостанай облысында шенеуніктер адам саудасына қатысы бар деген күдікке ілінді

Azattyq Rýhy

Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды

 

Қостанай облысында шенеуніктер адам саудасына қатысы бар деген күдікке ілінді
Фото: exk.kz

Қостанай облысында мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасына қатысуы болуы мүмкін деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қостанай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ лауазымды адамдарына қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз әйелді Нұр–Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деп күдіктелді», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз хабарламасында.

Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.