$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.06.2022, 09:39
Оқиғалар

Алматы облысында туған інісін өлтірген ер адам ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматы облысында туған інісін өлтірген ер адам ұсталды
Фото: Reuters

Алматы облысында 41 жастағы ер адамның зорлық-зомбылықпен өлтірілген мәйіті табылды. Криминалисттердің алдын ала қорытындысына сәйкес, марқұм жүрегінен пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 5 маусымда Қарасай ауданына қарасты Бұлақты ауылындағы жеке үйлердің бірінде болған.   

Белгілі болғандай, 52 жастағы ер адам, Ақтөбе қаласының тумасы Бұлақты ауылында пәтер жалдап, азаматтық некедегі әйелімен бірге тұратын інісінің үйіне қонаққа келеді. Бөлмелердің астаң-кестеңі шығып жатқанына қарағанда, үйде ішімдік ішілген төбелес болғаны байқалады.

Інісін өлтірген ер адамның оқиға орнынан қашып кеткені анықталды. 

«Дабыл бойынша көтерілген жедел-іздестіру топтары аумақты тінтіп шықты. Жақын маңдағы елдімекендердің бәрі түгел тексерілді. Соның нәтижесінде күдікті көрші ауылдың көшелерінің бірінен табылып, қамауға алынды. Ер адам расымен де марқұмның 52 жастағы ағасы болып шықты. Ол інісімен алкогольдік ішімдік ішіп отырып, жанжалдасып, соңында оны өлтіріп тынған», - деп хабарлады Қарасай аудандық полициясы.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға орнынан бірнеше асхана пышағы табылды, оның бірі қылмыс қаруы екені белгілі болды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары