Бангладеште қойма жарылып, 45 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы 150-ден астам адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен

Бангладештің оңтүстік-батысында химикат сақталған контейнерде болған жойқын жарылыстан қаза тапқандардың саны 45-ке артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаза тапқандардың арасында өрт сөндірушілер де бар. Тағы 150-ден астам адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Полиция қызметкерлерінің мәліметі бойынша алдымен химиялық затқа толы контейнерде өрт шығып, соңы жарылысқа ұласты. Улы заттардың теңізге төгілмеуі үшін оқиға орнына әскерилер тартылды.

Апаттың себебін анықтау үшін тергеу ісі жалғасып жатыр. Ақпарат құралдары бұл жерде 5 мыңға жуық контейнер болғанын айтады. Жергілікті билік мерт болғандардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетілетінін хабарлады.