Ақтөбе облысында үш кішкентай бала суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

2017 және 2018 жылғы балалар ересектердің қарауынсыз қалған

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында үш бала суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 маусым күні Ырғыз ауданына қарасты Ақши ауылында болған.

«ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне кешкі сағат 19:00 шамасында 4 және 5 жастағы әкпелі-сіңлілі қыздар мен 4 жастағы ұл баланың Ақши ауылынан бір шақырым жерде орналасқан Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы хабарлама түсті», - делінген ТЖД хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2017 және 2018 жылғы балалар ересектердің қарауынсыз қалған.