05.06.2022, 09:51
Оқиғалар
Павлодарда жоғалып кеткен жүкті әйел табылды
29 жастағы әйел 3 маусымда перзентханадан шығып кетіп, қайтып оралмаған
Фото: pavlodarnews.kz
Бұған дейін әйел перинаталдық орталықтан рұқсатсыз шығып кеткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«VITA» іздеу жасағы жақсы жаңалық жеткізді.
«Перзентханадан өздігінен кетіп қалған әйел табылды, ол аман-есен. Өзіңдеріңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!» – делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін Павлодарда жүкті әйелдің жоғалып кеткені хабарланған болатын. Ақпаратты волонтерлер әлеуметтік желіде жариялады. 3 маусым күні 29 жастағы Вера Салахудинова генерал Дүйсенов көшесі, 4/2 мекенжайындағы перинаталдық орталықтан белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
