Нұр-Сұлтанда 4 жыл бойы іздеуде болған қылмыскер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында кісі өліміне күдікті ретінде іздеуде жүрген азамат ұсталды, деп хабарлайды 365info.kz.

Өскеменде 2015 жылдың қазан айында зорлықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды. Қылмыс құрбаны ол кезде 43 жаста болған, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Осы уақыт аралығында кісі өлтірген қаскөй сот төрелігінен қашып жүрген. 2016 жылдың ақпан айында оған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Күдіктіні Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері астаналық әріптестерімен бірлесіп ұстады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.