Қарағандыда жүкті әйел боран кезінде жолда босанды

Автор: Azattyq Rýhy

Өмірге салмағы 2370 грамм ұл бала келді 

Фото: Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен

Қарағанды облысында боран кезінде толғағы қысқан әйел жедел жәрдем көлігінде босанып қойды, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі.

«28 қаңтар күні Ақтоғай ауылынан Балқашқа қарай жедел жәрдем көлігі шықты. Нарманбет елдімекенінің тұсына келгенде жүкті әйелді толғағы қысып, фельдшер Баян Ысқақова келіншекті жол үстінде босандырып алды. Ауа райына қарамастан дәрігерлердің арқасында бала аман-есен туды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Дүниеге келген ұл баланың салмағы 2370 грамм, ал бойы 47 см.