Жамбыл облысының тұрғынынан 200 келі есірткі тәркіленді

Azattyq Rýhy

Күдікті өз кінәсін толық мойындады

 

Жамбыл облысының тұрғынынан 200 келі есірткі тәркіленді

Жамбылдық полицейлер Шу тұрғынынан 200 келіге жуық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданы Ақтөбе ауылынан 12 шақырым жердегі Баусасық құмды аймағында 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тексеру барысында жалпы салмағы 194 келі каннабис өсімдігі, 4 келіден астам кептірілген марихуана және 4 грамнан астам каннабис шайыры есірткі заты табылып, тәркіленді.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.