Жақында ғана қызметіне оралған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қайта қамалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 24 маусымға дейін үй қамауында отыратын болады

Фото: gov.kz

Маңғыстау облысының әкімдігі әкім орынбасары Ниязовтың жұмыстан шеттетілгені туралы қауесетке пікір білдірді. Ол 24 мамырда ұза мерзімді мәжбүрлі демалыстан кейін қызметіне қайта оралған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Лада.кз» порталына сілтеме жасап.

«25 мамырдан бері Ғалымжан Ниязов жұмыста болған жоқ. Қосымша түсініктеме алу үшін құқық қорғау органдарына хабарласыңыз», - деді Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері.

Ақтау соты шенеуніктің үйқамақ мерзімі ұзартылғанын хабарлады.

«Ақтау мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ниязов Ғалымжанға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы 2022 жылдың 24 мамырынан 24 маусымына дейін ұзартылды», - деп хабарлады сот.

Тақырыпқа орай: Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

Бұрын хабарланғандай, Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 17 сәуірдегі, 27 сәуірдегі және 17 мамырдағы заңды күшіне енген қаулылары негізінде Ғалымжан Ниязов 24 мамырда жұмысқа оралған болатын. Бұл ретте әкім орынбасары лауазымында бұдан әрі қалу-қалмауы сот шешіміне байланысты болатыны айтылған еді. Сот шешімі тура бір апта өткен соң өзгерген.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ұсталды

Тергеушілер Ниязовты Энергетика министрлігіне меморандумның күшін жоюды және сұйытылған газды бағаның төменгі және жоғарғы шегімен шектемей сатуды сұрап хат жолдады деп айыптады. Бұл шешім қаңтарда жанармай бағасының күрт өсуіне әкеп соқты.