Нұр-Сұлтанда ер адам кездейсоқ өтіп бара жатқан адамды аяусыз соққыға жыққан

Автор: Azattyq Rýhy

Басынан ауыр жарақат алған жәбірленуші полицияға жеткізіліп, қалалық ауруханаға жатқызылды

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда ер адам кездейсоқ өтіп бара жатқан адамды аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Күндізгі уақытта 42 жастағы қала тұрғыны Дүкенұлы көшесінің бойындағы дүкеннен шығып келе жатып, мас күйде жүрген бейтаныс ер адаммен иықпен соқтысып қалған. Бейтаныс адам агрессивті түрде әрекет етіп, ер адамның басынан ұрған, салдарынан ол асфальтқа құлап, есінен танып қалған. Осыған қарамастан құқық бұзушы оны ұрып-соғып, жерде жатқан оған бейберекет соққылар жасай бастаған. Төбелесті көрген куәгерлер жүгіріп келіп, бұзақыны тоқтатуға тырысқан. Осы кезде оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері күдіктіні құрықтап, «Сарыарқа» ауданының Полиция басқармасына жеткізді", – делінген хабарламада.

Басынан ауыр жарақат алған жәбірленуші полицияға жеткізіліп, қалалық ауруханаға жатқызылды.

Ұсталған азаматтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Полиция бұл күдіктінің ауыр жұдырығынан зардап шеккен адамның бірінші жағдайы емес екенін атап өтті. Күдікті 2010 жылы абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталған.

Қазіргі уақытта ұсталған ер адам ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.