Рудныйда кәмелетке толмаған қызды зорлаған балалар үйінің тәрбиешісі 23 жылға сотталды

Azattyq Rýhy

Сот шешіміне сәйкес ер адам жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді

Рудныйда кәмелетке толмаған қызды зорлаған балалар үйінің тәрбиешісі 23 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен балалар үйінің тәрбиешісі 23 жылға сотталды, деп хабарлады Azattyq Rýhy. 

Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандарылыған ауданаралық сотында Рудныйдағы балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты шешім шығарылды. Сот материалына сәйкес, 44 жастағы ер адам кәмелетке толмаған тәрбиеленушіні зорлаған. Іс сотқа Қылмыстық кодекстің 120 («Зорлау») және 121-баптары («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша берілді. 
Сот шешіміне сәйкес ер адам жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді және өмір бойына педагогикалық қызметпен шұғылдану құқығынан айырылды. 

Сонымен қатар 1 миллион теңге көлемінде азаматтық талап қанағаттандырылды. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.