$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.06.2022, 09:14
Оқиғалар

Жетісу облысында ана өлімі тіркелді

34 жастағы келіншектің жүктілігіне қатысты мәліметті дәрігерлер айтпай отыр

Жетісу облысында ана өлімі тіркелді
Фото: ашық дереккөзден

Жетісу облысында ана өлімі тіркелді. Қайғылы жағдай 22 мамыр күні Жетісу облысы Кербұлақ аудандық ауруханасында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.       

34 жастағы келіншек ауыр жағдайда ауруханаға түскен екен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер науқасқа дер кезінде көмек көрсетуге тырысқан. Бірақ, аман алып қалу мүмкін болмады деп отыр. Қазір мәйітті сот медициналық сараптамасын жүргізу үшін мамандарға беріпті. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті  тәуелсіз сарапшыларға жүгініп, жоспардан тыс алдын-ала тексеріс жүргізбекші. Әзірге аяғы ауыр болған келіншектің жүктілігіне қатысты мәліметті ақ халаттылар айтпай отыр. 

Ал әлеуметтік желіде таралып кеткен видеода, қайтыс болған әйелдің туыстары, бірер күн бұрын ғана оның өзін өте жақсы сезінгенін, денсаулығында ешқандай кінәрат болмағанын айтып тұр. Ал ота жасадық деген дәрігер, науқас көп қан жоғалтты, тоқтату мүмкін болмады деп түсіндіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары