$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.01.2020, 01:47
Оқиғалар

Қарағанды тасжолында қар құрсауында қалған жүргізуші көз жұмды

Көлік жүргізушісі кенеттен құлап, бірден жан тапсырған

Қарағанды тасжолында қар құрсауында қалған жүргізуші көз жұмды

Қарағанды маңындағы «Сарыарқа» әуежайына апаратын тасжолда қар құрсауында қалған автокөлік жүргізушісі өзге жүргізушілердің көз алдында бақилық болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

28 қаңтар күні сағат 10:45 шамасында омбы қардан жүре алмай тұрған Hyunda маркалы автокөліктің жүргізушісі сыртқа шыққан. Есіктен сәл алға ұзай бергенде жүргізуші кенеттен құлап, бірден жан тапсырған. Қайғылы жағдайға куә болған қар күрейтін көліктің жүргізушісі дереу жедел жәрдем мен полиция шақырады.   

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер жүргізушінің қайтыс болғанын нақтылады. Полицейлер оның көлігінде жатқан құжаттар арқылы жеке тұлғасын анықтаған. Кенеттен көз жұмған жүргізуші – 65 жастағы қарағандылық азамат екен. 

Полиция департаментінің өкілдері қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатқанын мәлімдеді.   

«Құқық қорғау орындарына коммуналдық қызметтің қар күрейтін машинасының жүргізушісі қоңырау шалған. Қазіргі уақытта азаматтың өлімінің себебі анықталып жатыр», – деді баспасөз қызметінен.   

Серіктес жаңалықтары