$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.01.2020, 02:49
Оқиғалар

ШҚО: Шемонаиха ауылы қар астында қалды

Синоптиктер облыс бойынша түнімен тағы қар жауып, боран соғатынын айтты

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан өңірі қар құрсауында қалып отыр. Синоптиктер түнде облыс бойынша қарлы боран соғып, аяз күшіне мінетінін айтып, дабыл қағуда, деп жазады YK-news.kz.

Шемонаиха ауылының тұрғыны жақында ғана жауған қардың қаншалықты екені түсірілген бейнежазбасымен бөлісті.  

«Міне, біз осылай өмір сүріп жатырмыз: үйлерді түгелдей қар басып қалды, жол тіптен көрінбейді», – деген видео авторы енді үйден қалай шығу керек екенін білмей отырғанын айтады.  

Қала тұрғынының айтуынша, аудан орталығында әлі қатты жел соғып тұр.  

28 қаңтар күнгі қарлы боран салдарынан Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы (Предгорныйдан Шемонаихаға дейін) тасжолдары және Семей өңіріндегі бірнеше автожол барлық көлік түрі үшін жабылып қалған болатын.   

«29 қаңтар күні түнде Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауып, қатты жел тұрады, қарлы боранның жылдамдығы 28 м/с болуы мүмкін», – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД өкілдері. 

Серіктес жаңалықтары