$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2022, 12:31
Оқиғалар

Павлодарда қызғаныштан шыққан жанжалдың соңы жаппай төбелеске ұласты

Қақтығыстың барлық қатысушысы полиция бөліміне жеткізілді

Павлодарда қызғаныштан шыққан жанжалдың соңы жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26 мамыр күні сағат 4.00-де Павлодар  қаласында Торайғыров көшесіндегі ойын-сауық мекемелерінің бірінде төбелес болды. Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы камераларды қарау кезінде қоғамдық тәртіптің бұзылғанын байқаған.

«Көрсетілген мекенжайға дереу автопатрульдер жіберілді. Видеода жастардың төбелесіп жатқаны анық байқалады. Ол жерге келіп, жігіттерді ажыратып, полиция істің барлық мән-жайын тергеу барысында жанжалдың қызғаныштан туындағаны анықталды. Қыздардың бірі клубқа жігітпен келген, бірақ ол «бұрынғы» жігітінің де осында жүргенін білмеген. Жастар төбелес шығарып, ол төбелеске  қарсыластардың достары да әрқайсысы өз досын қолдау үшін қосылып кеткен. Абырой болғанда, жаппай төбелесте ешкім зардап шеккен жоқ», - деді Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Каптаев.

Сондай-ақ полиция қақтығыстың барлық қатысушысын анықтап, полиция бөліміне жеткізгенін түсіндірді. Төбелестің әрбір қатысушысы ұсақ бұзақылық жасап, тыныштықты бұзғаны үшін, ҚР ӘҚБтК 434 және ҚР ӘҚБтК 437-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция атап өткендей, мұндай оқиғаның көпшілігі дәл түнде болады, оның себебі – адамдардың  алкогольді көп ішуі.

Серіктес жаңалықтары