Шымкентте лифтіде балалы әйелді зорламақ болған күдікті қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

iStock

Шымкентте тұрғын үй кешенінің лифтінде балалы әйелді зорламақ болған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қоларба сүйреген әйелге лифтіде бас салып, тонап әрі зорламақ болған ер адамды ұстау үшін тәжірибелі жедел уәкілдерден құралған арнайы топ құрылған.  

«Қаратау аудандық ішкі істер бөліміне 25 мамыр күні жергілікті тұрғынның арызы келіп түсті. Әйел белгісіз біреудің оны үй лифтінде зорламақ болғанын хабарлады», - делінген ПД хабарламасында.

Күдіктіні анықтау және оны ұстау үшін арнайы топ жұмылдырылып, істі ПД басшылығы ерекше бақылауға алды.

«Бірнеше сағат ішінде полицейлер күдіктіні анықтады. Жас жігіт мегаполис тұрғыны болып шықты. Ол Шиелі стансасына апаратын вагондардың бірінде отырған жерінен қолға түсті», - делінген хабарламада.  

Күдікті Қаратау аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 
Тегтер: